427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық төтеншеліктер үй бетін көрмегелі айдан асты

  • 489
  • UPD: 07:50, 23.04.2020

Елорданың төтенше жағдайлар департаментінің 60-тан астам қызметкері үйлеріне бармағалы бір айдан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар  бұған дейін қала маңындағы елді мекендерден қатынап жұмыс істеп келген. Ол ауылдар карантин аумағына кірмейді. Сондықтан  өрт сөндірушілерге жатақханадан орын берілді.  Төтеншеліктердің жағдайын біздің тілшілеріміз  біліп қайтқан еді.

Құлыншағым күнім дейді, Әлемдегі ең асыл адам. Төрт жастағы Нұрай әкесіне осылай деп ән арнайды. Сағынып-ақ жүр. Еркіннің айтуынша, ол бұлай отбасынан ұзап көрген емес. Міне, бір айдан асты, үй-ішімен тек телефон арқылы хабарласады.

Еркіннің  өртке қарсы қызметте жұмыс істеп келе жатқанына 5 жыл болған.  Өрт сөндіруші болу – оның бала күнгі арманы. Мамандығын мақтан тұтады. Қазір ел болып қауіпті індетпен күресіп жатыр. Бұл істе төтеншеліктер де аянып қалып жатқан жоқ. Олар өз міндеттерімен  қатар, зарарсыздандыру  жұмыстарына да атсалысып жатыр. Отбасыларын ойлап,  уайымдап жүргендерін де жасырмайды. 

Еркін Жанат, өрт сөндіруші:

– Үйде екі балам, әйелім бар. Төтенше жағдай басталғалы біраз уайым болып кетті. Сағынып жатырмыз. Жұмыс болғасын сол енді. Өртті сөндіру, адамдарды құтқару, олардың мүліктерін сақтап қалу  – біздің жұмысымыз. 

Елорданың төтенше жағдайлар департаменті 60-тан астам қызмкерін жатақханаға орналастырды. Олардың барлығы дерлік өрт сөндіруші. Арасында диспетчерлер мен еден жуатын жұмысшылар да бар. Ал Марал Тұпышевтың өрт сөндіру қызметіндегі еңбек өтілі 10 жылға жуықтаған. Ол карантин талаптарын орындаған жағдайда ғана елді дендеген жұқпалы дерттен айығымыз деп біледі.  

Марал Тұпышев, аға өрт сөндіруші:

– Осыдан бір ай бұрын карантин жариялап, қаланы жапқан кезде біз бұлай деп ойлаған жоқпыз. Жұмыстан айтты сіздер сонда боласыздар деп. Карантин болғасын талаптарды сақтап жатырмыз осындамыз. Отбасым қаланың сыртында. Бармағаныма бір айдан асты. Қазір заман дамыған ғой Видеоқоңырау арқылы хабарласып тұрам.

Олар үйді де, үйдің тамағын да сағындық дейді. Әзірге ішер астарын өздері жасап жүр. 

Саят Қажымов, қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің бөлім бастығы:

– Бұл адамдар өрт бөлімінде жұмыс істейді. Жауынгерлік кезекшілікке түседі. Дезинфекциялау жұмыстарына қатысады. Жатақханада дезинфекциялық жұмыстар өткізіледі. Қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін.

Өрт сөндірушілер жұмыстан тыс кезде де көмеккке келуге әзір. Халыққа қол ұшын беруді, төтенше оқиғалардың алдын алуды басты міндет деп біледі. 

Хабар 24 телеарнасы