429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада мерекеге орай 400-ге жуық виртуалды іс-шара ұйымдастырылды

  • 312
  • UPD: 20:04, 01.05.2020
Қызылордада мерекеге орай 400-ге жуық виртуалды іс-шара ұйымдастырылды

Айталық, мейрам қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық бөлімшесі YouTube сайтында «Сыр бірлігі» каналын іске қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сырбойылықтар әлеуметтік желі арқылы «Жасампаз 25 жыл», «Татулық тұғыры», «Сырлы сұхбат», «Таным сағаты» және «Біз біргеміз» бағыттары бойынша даярланған танымдық бағдарламаларды тамашалады. Бұдан бөлек, ел Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы және Жеңістің 75 жылдығына арналған дәрістер оқылды. Жас көрермендерге арналып «Бірлік пен келісім» тақырыбында онлайн сабақтар мен тәрбие сағаттары өткізілді. Аймақтағы 11 этномәдени орталықтың өкілдері ұлттық аспаптарда классикалық және халықтық туындыларды орындады. Ал, Сыр өңірінің өнерпаздары орындаған патриоттық әндер мен Абайдың шығармаларына арналған онлайн концерт мерекелік бағдарламаның басты мәйегіне айналды.

Ләйлә Төрешова, облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі:

Сонымен қатар «Шәмші әндері Сыр елінде» атты ән шеруі, онлайн концерттер, кітап көрмесі, поэзия сағаты өткізіледі. Балалар арасында сурет салу байқауы мен мектеп оқушыларының эссе жазулары ұйымдастырылады.

 

Хабар 24 телеарнасы