422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында блок-бекеттер алынбайды

  • 320
  • UPD: 14:18, 11.05.2020

Түркістан облысында карантин режимі әлі де сақталып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Облыс орталығына 7 бағыттан кіретін жол бойында орналасқан блок-бекеттер өзгеріссіз жұмысын жалғастырады. Тамақтану орындары мен ірі сауда орталықтары әлі де жабық тұр.

Жандос Жұмабек, тілші:

– Елімізде төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, Түркістан қаласында карантин тәртібі әлі де сақталып отыр. Сондықтан бүгін облыс орталығында күнделікті көріністен аса өзгеріс байқалмайды. Қалаға 7 бағыт бойынша кіретін жол бойында орналасқан блок-бекет әлі де жұмысын жалғастырып жатыр. Тәртіп сақшылары қалаға кіретін әрбір көлікті тоқтатып, рұқсат құжатын тексерсе, дәрігерлер жолаушылардың дене температурасын бақылайды. «Бетперделік режим» сақталуда. Алайда бір апта бұрын қала ішіндегі тексеру бекеттерін алып тастаған болатын. Сондықтан қала ішінде жүріп, тұруға еш кедергі жоқ. Өткен аптадан бастап қалада шашатараз, аяқкиім жөндеу орындары мен сән салондары, кілем жуу, химиялық тазалау орындары мен жиһаз, құрылыс материалдарын сататын дүкендер жұмысын бастады. Сондай-ақ банк, нотариус, қазпошта бөлімшелері тұрғындарға қызмет көрсетеді. Ал тұрмыстық техника сататын дүкендер онлайн тапсырыс беру арқылы қажетті тауарды айтқан жеріне жеткізіп береді. Алайда жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлік нысандар карантин тәртібін сақтап, санитарлық талаптарды орындауға міндетті. Егер тәртіп бұза бірден жабылады. Ал бүгіннен бастап, қандай өзгерістер болады? Шектеулер толық алынып тасталады ма, әлде айдың соңына дейін жалғасады ма? Ол жағы әзірге белгісіз. Себебі, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары облыстағы жағдайға байлаынсты жаңа қаулы қазір облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қарауында екенін айтты. Өзгерістер болса, түстен кейін жарияланады. Ол туралы біз сіздерге міндетті түрде хабарлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы