419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында көктемгі егіс науқаны аяқталып келеді

  • 278
  • UPD: 10:02, 27.05.2020
Павлодар облысында көктемгі егіс науқаны аяқталып келеді

Павлодар диқандары биыл 1,5 миллион гектар алқапқа дәнді дақыл септі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл көктем ерте шығып, жер өңдеу жұмыстары мерзімінен бұрын басталды. Қазір көкөніс толықтай салынып біткен. Енді аз күнде дән себу жұмыстары аяқталады. Соңғы күндері облыс көлемінде жоғары ауа температурасы сақталып отыр. Шаруалар аптап ыстықтан өнім күйіп кете ме деп алаңдайды. Ылғал  қоры жеткілікті. Дегенмен, алдағы күндері жаңбыр жаумаса, аграрлық сектор үшін жағдай қиындай түсуі әбден мүмкін. Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасы аясында Павлодар облысына 4,5 миллиард теңге көлемінде субсидия бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Қазір көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру жүріп жатыр. Биылғы астықтан тұқымдық қор сатып алу тетіктері де қарастырылу үстінде.

Байболат Рақымжанов, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы өсімдік шаруашылығы бөлімінің жетекшісі:

- Одан басқа «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 3,3 миллиард теңге бөлінді. 133 жоба алынды. Азық-түлік корпорациясы арқылы 1,5 миллиард теңге бөлініп отыр. Ол осы көктемгі дала жұмыстарын аяқтауға ары қарай егістік жұмыстарын жинауға. Бұл бөлінген қаржы 1,5 миллиард теңге. Оған қазір өтініштер түсіп жатыр. Қазір қаралып жатқан өтініштер, 62 өтініш.

Хабар 24 телеарнасы