418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшадағы президенттік сайлау: кандидаттар халықтың 50% дауысын жинай алған жоқ

  • 132
  • UPD: 09:09, 30.06.2020
Польшадағы президенттік сайлау: кандидаттар халықтың 50% дауысын жинай алған жоқ

 Осы уақытқа дейін бюллетендердің 80% астамы өңделді.

Бірінші турдың нәтижесінде елдің қазіргі президенті Анджей Дудаға сайлаушылар 45% қолдау көрсеткен. Ал оның басты қарсыласы Варшава мэрі Рафал Тшасковский 29% дауыс жинаған. Сондықтан 12 шілдеде саяси бәсекенің екінші туры өтеді. Әлеуметтік сауалнама қорытындысына қарағанда, екінші кезеңде аз ғана айырмашылықпен Анджей Дуда жеңіске жетуі мүмкін. Айта кетейін, Польшада президенттік сайлау мамыр айында өтуіс тиіс еді. Алайда пандемия салдарынан кейінге қалдырылды.

Хабар 24 телеарнасы