432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында Ардагерлер үйі жөнделді

  • 266
  • UPD: 20:11, 05.07.2020
Түркістан облысында Ардагерлер үйі жөнделді

Сайрам ауданының орталығы Ақсукент ауылындағы Ардагерлер үйі күрделі жөндеуден өтті.

Төбесінен су сорғалап, есік-терезесі мен жылу жүйелері істен шыққан бұл нысан 30 жылдан бері жөндеу көрмепті. Соңғы жылдары әр жерді бір паналап, күйі болмаған ардагерлер жаңадан келген аудан басшысына базыналарын айтқан екен. Қарттардың тілегін жерде қалдырмаған ол демеушілердің көмегімен тозығы жеткен нысанды 9 млн теңгеге жөндетіп берді. Ғимараттың шатырынан бастап, еденіне дейін толық ауыстырылды.

Айта кетейік, қазір ауданда Ұлы Отан соғысының төрт ардагері және мыңға жуық тыл еңбеккері бар. Ал зейнетке шыққан еңбек ардагерлерінің саны он бес мыңға жуықтайды.

Байназар Әлібек, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Барлығы жаңарды, рақмет! Ауданның әкмішілік қызметкерлері бар, депутаттар бар, барлығы шамалары келгенше көмектесті. Материалдарды алғанда біз өзіміз араласып, сапалы болуына мән бердік. Бұл әлі бастамасы кейін қосыла береді деп ойлаймыз. Сондықтан бұл жер келешекте ардагерлер келіп, жақсы жұмыс істейтін, отырып мәслихат жасайтын, мәселе шешетін орынға айналады деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы