428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда ПТР-тестілерін заңсыз сатпақ болғандар ұсталды

  • 259
  • UPD: 09:58, 08.07.2020
Алматыда ПТР-тестілерін заңсыз сатпақ болғандар ұсталды kursiv.kz

Алматыда кәсіпкерлік қызметке рұқсаттық құжаттарсыз ПТР-тестілерін (COVID-19) сатуды ұйымдастырған тұлғалар ұсталды.

Олардың жалпы сомасы 32 900 000 теңгеге 7000 ПТР-тестін заңсыз сатпақ болғаны анықталды. Тексеріс барысында автокөліктен қосымша ҚХР-да өндірілген 2225 ПТР-тесті анықталып, тәркіленіп алынды.

ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда бұл факті бойынша ҚР ҚК 214-б. 1-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды (заңсыз кәсіпкерлік).

Хабар 24 телеарнасы