425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысындағы демалыс орындарында шектеу енгізіледі

  • 341
  • UPD: 00:12, 21.07.2020
Ақмола облысындағы демалыс орындарында шектеу енгізіледі

Шілденің 24-інен бастап Ақмола облысындағы жағажайлар мен көл маңындағы демалыс орындары жабылады, хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде блокпосттар қойылып, көлік қозғалысы шектеледі. Ал, демалыс орындарында дезинфекция жүргізілмек. Ал демалыс орындарына шектеуге дейін келген туристер маска тағып, арақашықтық сақтаулары тиіс.

Мырзабек Мырзахметов, Ақмола облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық ісі жөніндегі бөлімнің бас инспекторы:

- Карантин шараларын күшейтуге байланысты Ақмола облысының туристік аймақтары шілденің 24-і сағат 00:00-ден бастап тамыздың 3-іне дейін жабылады. Бурабай және Зеренді курорттық аймақтарына кіреберіс жолдарда блокпосттар қойылады. Ал, санаторийге демалуға келген туристер демалыс нысандарында қала береді.

Хабар 24 телеарнасы