429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында медициналық маскаларды заңсыз сатудың жолы кесілді

  • 231
  • UPD: 09:44, 27.07.2020
Павлодар облысында медициналық маскаларды заңсыз сатудың жолы кесілді BaigeNews.kz

Павлодар қаласы прокуратурасының үйлестіруімен ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Павлодар қаласы полиция басқармасының ЕҚҚІҚБ және облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактісін анықтады.

Атап айтқанда, жеке тұлғаның тиісті құжаттарсыз (тіркеу куәлігі, Ұлттық сараптама орталығының өнім қауіпсіздігі және сапа сертификаты және т.б.) Қытайда жасалған 50 мың медициналық масканы заңсыз сату фактісінің жолы кесілді.

ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметінің мәліметінше, медициналық маскалар өндірушілермен Қазақстан үшін жасалмаған және тиісінше дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелу және әкету ережелерін бұзу жолымен әкелінген.

Аталған факті бойынша материалдар әкімшілік іс қозғау үшін Павлодар облысының ТҚСҚБД жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы