426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда биыл екі мектеп қолданысқа беріледі  

  • 254
Ақтауда биыл екі мектеп қолданысқа беріледі  

Ақтауда жылдың соңына дейін жалпы сыйымдылығы 1200 орындық екі мектеп қолданысқа беріледі.

900 оқушыға арналған бір мектеп 34-шағын ауданда салынып жатыр. Нысан құрылысы аяқталуға жақын. Аталған мөлтек ауданда баспана құрылысы да қарқынды жүріп жатыр.

Ал келесі білім ордасы 300 орындық. Ол Шығыс-1 ықшам ауданында бой көтеріп келеді. Екі жобаны жүзеге асыруға республикалық және жергілікті бюджеттен 3 млрд 700 млн теңге бөлінген еді.

Қалалық құрылыс бөліміндегілер келер жылы тағы үш мектеп пен бір бөбекжай тұрғызылатынын айтып отыр.

Эльдар Машырықов, «Ақтау қалалық құрылыс бөлімі» ММ басшысы:

– 31-шағын ауданында, 19-шағын ауданы мен 18-шағын ауданда үш мектебіміздің жобасы дайын. 17-шағын ауданда Шығыс-1 сияқты мектептің де жобасы дайын. Оны қазір мемлекеттік-жекеменшік әріптестікпен беруге жұмыстар жүріп жатыр. Конкурсы өтіп болғаннан кейін бірден бастаймыз. 26-шағын ауданда балабақшаның жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау қала әкімінің бақылауында. Жұмыстары жүріп, конкурсы өтіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы