420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында Армениядан әкелінген 1700 автокөлік тіркеуден өтті

  • 183
  • UPD: 10:31, 27.08.2020
Ақтөбе облысында Армениядан әкелінген 1700 автокөлік тіркеуден өтті

Ал, оның аяқталуына санаулы күндер қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай полицейлер «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізіп жатыр. Армениядан өңірге үш мыңнан астам көлік құралы жеткізілген. Бұл темір тұлпар иелеріне асығуға тура келеді. Себебі, 1 қыркүйекке дейін үлгермеген азаматтарға шара қолданылуы мүмкін. Ал, полиция қызметкерлері көлікті рәсімдеу үшін барынша көмек көрсетпек. Атап айтқанда, сақтандыру полисі арқылы жүрген жүргізушілерге, мүліктің негізгі қожайынын өзге қалалардан да табуға көмектеседі.

Еркін Өтеген, облыстық полиция департаментінің бөлім бастығы:

- Мысалы Батыс Қазақстан облысы, Атырау облысы, басқа облыстарда өзіміздің қызметкерлермен байланысымыз бар. Бірінші иелерін тауып беріп, тіркеуден өткізіп жатырмыз қазіргі уақытта. Қазір уақыттың тығыздығына байланысты үлгермей қалуы мүмкін. Сол себепті тездетіп, 1-2 күнде тіркеуге қоюларын сұраймыз. Оң жақ басқару рөлін сол жаққа ауыстыру бойынша бізде 900-ге жуық автокөлік тіркелген. Өкінішке орай, қаламызда оларды тексеретін арнайы лаборатория ашылған жоқ. Сол себепті жақын облыстардан алып келулеріне рұқсат.

Хабар 24 телеарнасы