426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АШМ Ресейдің Омбы облысынан кейбір тауарларды әкелуге шектеу қойды

  • 177
  • UPD: 14:44, 28.08.2020
АШМ Ресейдің Омбы облысынан кейбір тауарларды әкелуге шектеу қойды

ҚР АШМ ВБҚК Ресей Федерациясының Омбы облысында құс тұмауының жоғары патогенді вирусының өршуіне байланысты Қазақстанға тірі құстарды, инкубациялық жұмыртқалар мен барлық құс шаруашылығы өнімін әкелуге шектеу енгізді.

«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ресей Федерациясының Омбы облысы аумағында құс тұмауының жоғары патогенді вирусының өршуіне байланысты 2020 жылғы 26 тамыздан бастап Қазақстан аумағына Ресей Федерациясының Омбы облысы аумағынан тірі құстарды және инкубациялық жұмыртқаны, мамық пен қауырсынды, құс етін және құс шаруашылығының барлық түрін әкелуге уақытша шектеулер енгізілетінін хабарлайды. Термиялық өңдеуден өтпеген (кем дегенде 70 ° C) құс еті және құс өнімдерінің барлық түрі, құсқа арналған азық және азықтық қоспалар (химиялық және микробиологиялық синтездің азықтық қоспаларын қоспағанда), таксидермиялық өңдеуден өтпеген аңшылық олжалар (ауланған құстар) және құстарды ұстауға, союға және кесуге арналған жабдықтар әкелуге шектеу қойылды», - делінген АШМ баспасөз хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 4 тамызда Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі Увельский ауданында құс тұмауының өршуіне байланысты РФ Челябі облысынан құс әкелуге шектеу енгізген болатын.

Құстардың барлық түрі тұмауға сезімтал. Ол малдың жаппай қырылуына әкелуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы