Елордадағы түтін жел мен температуралық инверсияның үйлесуінен пайда болған – мамандар
- 245
- UPD: 17:40, 28.09.2020

Арқада жылыту маусымы басталып, елорданы түтін басты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мамандардың айтуынша, бұл төменнен соққан жел мен температуралық инверсияның үйлесуінен пайда болған.
Еске сала кетейік, бүгін таңертең бас қала қалың тұманға оранып, тұрғындар түтін иісіне шағымданды.
Айжан Ысқақова, экология мәселелері ҒЗИ директоры:
– Нұр-Сұлтан қаласындағы 5 бекетте шаң мен азот диоксидінің шекті концентрациясы нормадан асып кеткені тіркелген. Атап айтқанда, азот диоксидінің салдарынан түтін пайда болады. Ол адамның денсаулығына зиян.