428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында шетелдік жұмыскерлердің біліктілігі тексерілуде

  • 179
  • UPD: 15:19, 02.10.2020
Атырау облысында шетелдік жұмыскерлердің біліктілігі тексерілуде

Атырау облысының еңбек инспекциясына биыл 700-ден астам арыз-шағым түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың дені жұмыстан шығару, еңбек шартын жасамау және тәртіптік жаза қолдануға қатысты. Бұл туралы аймақтық инспекция басшысы Игілік Әубәкіров хабарлады. Былтыр өңірдегі 43 мекемеде 400-ден астам заңбұзушылық анықталған. Кәсіпорындарға 88 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Тіпті шетелдік мамандардың еңбекақысы қазақстандық әріптестерінен төрт есе жоғары болған жағдайлар да кездескен. Ал, кей жерлерде өзге елден жұмысқа келгендер білімі мен тәжірибесіне сәйкес келмейтін жалақы алған. «Мұндай азаматтардың рұқсат қағазы қайтарылып, елден шығарылды», - дейді мамандар. Өткен жылы аймақта шетелдік жұмыскері бар 50 мекеме тексерілсе, енді бұл ережеге өзгерістер енгізілді. Ресми деректерге сай, облыста 10 мыңнан астам сырттан келген азаматтары жұмыс істейді.

Игілік Әубәкіров, облыстық еңбек инспекциясының басшысы:

- Биыл енді екінші жартыжылдықта өзіміздің бекітілген жоспарымыз бар. 30-дан астам шетелдік азаматы бар мекемелерді тексереміз. Оның ішінде тек жалақы сәйкессіздігі емес, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі де бар, жалақысын уақытымен төлеу сынды басқа мәселелер қамтылады.

Хабар 24 телеарнасы