430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында жеке үйлердің өрт қауіпсіздігі тексерілді

  • 224
  • UPD: 09:35, 03.10.2020
Қарағанды облысында жеке үйлердің өрт қауіпсіздігі тексерілді

Күз келіп, күн суытқанда жеке үйлерде өрт шығу дерегі жиілейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пешті қараусыз қалдырудың соңы кейде қайғылы жағдайға ұласады. Мысалы, Қарағанды өңірінде жыл басынан бері 18 адам өрттен қайтыс болған. Осыған орай, төтенше жағдай қызметкерлері 7300 отбасын аралап, қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Олар – негізінен жеке үйлерде тұратын әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұялар. Рейд барысында кейбір тұрғындардың сұрауы бойынша мамандар пештің көмейі мен мұржасын тазалап, улы газдан сақтандыратын дабыл құрылғысын тегін орнатып берді. Мұндай көмек 145 отбасыға жасалған. Ал 2018 жылдан бері облыстағы 2000-нан астам үйге осындай құрылғылар қойылыпты. Игі іске волонтерлар да атсалысқан.

Сейсенбай Досмағанбетов, қала тұрғыны:

– Әлеуметтік қорғау орталығына хабарластық. Келіп, пештерді, мұржамызды тазалап берді. Сосын улы газдан қорғайтын дабылқаққышты қойып берді. Ризамыз. Біз сияқты үлкен кісілерге келіп көмектескендеріне рақмет.

Хабар 24 телеарнасы