422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда заңсыз салынған нысандар анықталды

  • 195
  • UPD: 15:17, 28.10.2020
Таразда заңсыз салынған нысандар анықталды

Таразда бейберекет салынған кәсіпкерлік нысандары көбейіп кеткен. Бүгінгі күнге дейін арнайы мониторингтік топтың зерделеуімен шаһарда ірі деген 34 заңсыз салынған ғимарат анықталды.

Мамандар олардың барлығының қала құрылысы регламентіне сәйкес келмейтіндігін дәлелдеген. Айтуларынша, дені тыйым салынған жерге тұрғызылған көрінеді. Бір қызығы, олардың құрылысына кезінде әкімдіктің өзі рұқсат берген. Кәсіпкерлер құжаттарын заңдастырып, Әділет департаментінен тіркеуден өткізген. Енді қалалық әкімдік өздері рұқсат берген кәсіпкерлік нысандарын өздері алғыза алмай отыр. Жауапты мамандар сотқа жүгінген. Бірақ даудың басым көпшілігі кәсіпкерлердің пайдасына шешіліп отыр. Бүгінгі күнге дейін 34 деректің тек жетеуіне қатысты сүру туралы нақты шешім қабылданған. 

Алмасбек Бөгеев, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы:

- «Қызыл сызық» дегеніміз ол мынау көше, жолдарды, тұрғын кварталдарды бөліп тұратын сызық. Сол себептен одан асуға негізі мүлдем тыйым салынған. Заңмен және де СНИП дейміз біздің құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес, қызыл сызықтағы 34 нысан бар. Оның ішінде 27 нысан заңдастырылған. Сұрақ: Неге беріледі? Заңға қайшы болса. Оны тексеретін бақылаушы орган жоқ па сонда? Тексеретін бақылаушы орган бар. Дегенмен, алдымыздағы әріптестеріміз енді солай шешім қабылдаған.

Хабар 24 телеарнасы