422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО: Салқынбел ауылында мал жаятын жер тапшы

  • 129
  • UPD: 11:32, 04.11.2020
ШҚО: Салқынбел ауылында мал жаятын жер тапшы

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданына қарасты Салқынбел ауылдық округінің тұрғындары «мал бағатын жер жоқ» деп шағымданып отыр.

Соңғы жылдары ауылда мал басы өсіп, халық еңбегінің жемісін көре бастаған. Алайда төрт түлікке жайылым тар, шабындық жер де өткір мәселе болып тұр. Маңайдың бәрі егістік, сондықтан өріс тарылып барады екен. Ал жер алу үшін конкурсқа қатысып, одан нәтижемен оралу да қиындық тудырады. Өйткені ірі шаруашылықтардың инвестициялық жоспарлары мен техникасы көп болғандықтан заң бойынша басымдылық соларға беріледі. Дегенмен, аудан әкімдігі бұл мәселені арнайы бағдарлама жасау арқылы шешеміз деп отыр. 

Алмас Салқынбаев, ауыл тұрғыны:

- Биыл мысалы, шөптің бәрін 50 мыңға сатып алдық. 12 прицеп, мысалы 20 прицеп түсіретін шөп малға биыл, қыс қалай болады, жетпейді. Жер мәселесі бізде қиын. Жер жоқ, не егістік жер жоқ, не шабатын жер жоқ. Алақандай жерге ғана бағамыз. Малды кезекпен жая алмайсың, апара алмайсың ешқайда. Барсаң малыңды кіргізеді, бір сиырың 20 мыңнан айыппұл дейді болды. Шемішке айнала егіп тастаған, ылғи байлар егіп жатқанның бәрі. Сол Қарабұйрат тұрғындарына жерді бөліп берсе, әркімге тиесілі жерін, кіме қанша тиесілі, шабындық нешеу, егістік қанша, қалғанын алсын.

Хабар 24 телеарнасы