422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысының кей мемқызметкерлері «ашық» принципті ұстанбайды

  • 99
  • UPD: 23:27, 13.11.2020

 

Мысалы, Сәтпеав қаласында тұрғындарға ыңғайлы сервистік әкімдік қызметі жұмыс істеп тұрса, Жаңаарқа мен Ұлытау аудандары мұндай қызметті ашуға асықпайтын сыңайлы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысы Денис Шакенов Жезқазған өңіріне барып, антикоррупциялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

Жезқазған өңірінде 3 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан «Адалдық алаңы» жобасы тұрмыстық жемқорлықты жойып, халықтың билікке кедергісіз келуін қамту үшін жасалған. Сондықтан екеуара байланыста қолдан жасалған кедергілердің болмағаны абзал.

Ашық әкімдік жобасы – әкімдердің халыққа қаншалықты жақын болатынының айқын көрінісі.

Денис Шакенов, СЖҚІҚА Қарағанды облысы бойынша департамент басшысы:

– Сапардың басты мақсаты – фронт-офистардың жұмысын бақылау болып табылады. Былтыр Жезқазғанда «Ашық әкімдік» ашылған болатын. Онда бір жерден тұрғындарға қызмет көрсетіледі. Бұл жұмыстардың барлығы ел Президентінің тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында жүргізіліп отыр.

Ақ жағалылардың жұмысы да, кабинеті де халықтың назарында болады. Себебі коррупцияға қарсы қызметтің «Open Space» жобасы дәл осыған бағытталған. 

Қайрат Әбсаттаров, Жезқазған қаласының әкімі:

– «Еститін мемлекет» тұжырымдамасы аясында біздің әкімдікте де «Open Space» кабинеттері жұмыс істейді. Бұл билік пен бұқараның арасындағы қашықтықты қысқарту мақсатында жасалған. Ол өз нәтижесін беруде.

Алайда мұндай ыңғайлы кабинеттер барлық әкімдерде болмай шықты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың тапсырмасы бойынша Денис Шакенов жергілікті атқамінерлерге ашық әкімдік жұмысы бойынша бірқатар тапсырма жүктеді.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Аслан Демесбаев

Хабар 24 телеарнасы