419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұлға сотталды

  • 144
  • UPD: 10:53, 23.11.2020
Шымкентте заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұлға сотталды

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азаматқа 1 жылға бас бостандығын шектеу және 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалды.

Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Шымкент қаласы Д.Қонаев даңғылы бойында пәтерді жалға алып, оның бір бөлмесінде заңсыз «покер» ойынын ұйымдастыру фактісін анықтады.

«Яғни, ол Қазақстан Республикасы «Ойын бизнесі туралы» Заңының талаптарын өрескел бұзып, ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға арнаулы рұқсат (лицензия) алмай, ойын залдарын заңда көрсетілген мекенжайларда орналастырмай, жоғарыда аталған мекенжайда заңсыз ойын мекемесін ашып, оны ұстап, ұйымдастырып, жүргізумен айналысқан», - делінген хабарламада.

Айғақ зат ретінде алынған 100 000 теңге ақша қаражаты мемлекет пайдасына тәркіленді, покер ойынына арналған диллер тасы және 200 дана казино фишкасы жойылды.

Ақпарат көзі: ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы