424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызмет саласын құқықтық реттейтін заң жобасын қабылданды

  • 209
Қызмет саласын құқықтық реттейтін заң жобасын қабылданды

Бұл заң жобасы Парламент депутаттарының бастамасымен жасалды.

Осы саладағы заңнамаларға енгізілген өзгертулер нәтижесінде қызмет көрсетуге шарт жасау тәртібі айқындалады. Тараптардың еңбек қауіпсіздігін қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері бекітіледі. Осы санаттағы жұмысшыларға еңбекақы мен сыйақы беру жүйесі реттеледі. Бұл саладағы жауапкершілікті арттырады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

– Еңбек мәселесі қашанда өте маңызды. Сондықтан бұл саланы заңмен қорғау үшін әрдайым нақты қадам жасалып келеді. Соның бірі – бүгін қабылданып отырған заң. Бұл құжат персонал беру процесі аясында жұмысшыларды әлеуметтік қорғауды көздейді. Бұл туралы әріптестер жақсы айтты. Алдағы уақытта заң жұмыскерлердің құқығын қамтамасыз етуге үлес қосады деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы