419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ІІМ ардагері Қайыржан Қалиақпарұлы марапатталды

  • 184
  • UPD: 21:56, 12.12.2020

Ішкі істер министрлігінің ардагері Қайыржан Қалиақпарұлы «Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері» және Ресей Федерациясы Призедентінің атынан «Ұлы Отан соғысының 75 жылдығы» медалімен наградталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайыржан Қалиақпарұлы күндіз-түні елдің тыныштығын күзету жолында білімі мен біліктілігін сарқа жұмсаған азамат.

Ішкі істер саласының ардагері Қайыржан Қалиақпарұлы сексеннің сеңгіріне шықты. Бүгін кейінгі буын ізбасарлары мерейтой иесін құттықтап келді. Сый-сияпат ұсынып, кеудесіне «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері» төсбелгісін тақты. Қайыржан Қалиақпарұлы 30 жылға жуық уақыт құқық қорғау органдарында жұмыс істеген. Қызметке алғаш өткен ғасырдың 70-жылдары келді. Талай жауапты тапсырмаларды мүлтіксіз орындады.

Өмірзақ Болсамбеков, Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы милиция генерал-майоры:

- Милиция мойоры Қалияқпаров Қайыржан сексеннің сеңгіріне шығып, ІІМ белесін ескеріп, құттықтауға келіп отырмыз. Министрдің бұйрығы бар, министрдің бұйрығымен іс-шаралар өткіземіз. Біздің Ардагерлер кеңесінің есебінде 80 мыңдай ардагер бар, төртеуі жүзден асқан солардың қасына қосылсын.

Сала ардагері қазір де тың. Құқық қорғау органдарының жұмысына белсене араласады. Нұр-Сұлтан қаласы ІІБ Ардагерлер кеңесінің мүшесі. Кіші буын ізбасарларына жол сілтеп, тәжірибесімен бөлісіп отырады.

Қайыржан Қалиақпаров, Нұр-сұлтан қаласы ІІБ Ардагерлер кеңесінің мүшесі:

- Партия қызметін істедім. 25 жыл 3 ай 30 күн істедім. Жеңістің 75 жылдығына орай «Еңбек ардагері» деген медаль берді. Ресей призеденті. Путиннің жарлығымен марапатталдым.

Адам ұрпағымен мың жасайды. Қария балаларынан тараған ұрпақты да адал еңбек етіп, абыройлы қызмет істеуге тәрбиелейді. Бұл – оның өмірлік ұстанымы.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы