Әуе компаниялары рейстерді жандандырып жатыр

Әуе компаниялары біртіндеп ішкі және халықаралық рейстерге ұшуды жалғастырып жатыр.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:00-ден бастап Атырау, Шымкент, Түркістан мен Дубай және Мәскеу бағыттарына қатынайтын рейстер жұмысы қайта жанданады. Қазір толыққанды ақпарат беретін арнайы жедел желі іске қосылды. Онда рейстердің мәртебесі, олардың шегерілуі және билеттерді қайтару  жөнінде жолаушыларға кеңес беріледі.  Call-орталық тәулік бойы үздіксіз  жұмыс істейді.

Желі «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ базасында ұйымдастырылды. Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режімде жұмысын жалғастырып жатыр. Ал Алматы әуежайы бүгін сағат 21:00-ге дейін жұмыс істемейді.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?