Нұр-Сұлтанда ТЖ жағдайында қандай шаралар қабылданды

Нұр-Сұлтанның комменданты, полицияның генерал-майоры Ержан Сәденов елордада төтенше жағдай жөнінде бұйрыққа қол қойды. Аталмыш құжат аясында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін тиісті шаралар қабылданды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін елордаға уақытша шектеулер енгізілді. Қоғамдық тәртіпке жауапты күзет қызметі, сол сияқты аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық нысандардың күзеті, қаланың тыныс-тіршілігіне жауапты және қоғамдық көлік қозғалысына жауапты қызметтің күзеті күшейді.

Бұдан бөлек коменданттық уақытта – 23:00-ден 07:00-ге дейінгі аралықта қала тұрғындарының көшеге шығуына, қоғамдық көліктің қозғалуына шектеу қойылады. Тек қаланың тыныс-тіршілігіне жауапты тұлғаларға, көліктерге жүріп-тұруына рұқсат беріледі.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тиісті құжаттарды, азаматтың жеке басын куәландыратын құжатын тексереді. Сонымен қатар жеке тексеру, азаматтардың заттарына, көлігіне тексеру жүргізеді.

Нұр-Сұлтан қаласына кіруге, сол сияқты блокпост қойылған барлық бағыттан шығуға шектеу қойылады.

Қалада бейбіт жиындар, спорт және өзге де іс-шараларға өткізуге, әсіресе ереуілдер ұйымдастыруға, сол сияқты өзге де заңды орындардың қызметін тоқтатуға тыйым салынады.

Қару-жарақ, жарылғыш құрылғылар, улы және арнайы дайындалған заттар сатуға тыйым салынады.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?