378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шардара су қоймасында балық аулаған браконьерлер ұсталды

  • 248
  • UPD: 21:58, 04.03.2019

Шардара су қоймасында тыйым салынған балық аулау құралдарын пайдаланған браконьерлер ұсталды. Мақтарал ауданының екі азаматы үрлемелі резеңке қайыққа мініп, токқа қосылған қармақ қолданған.

Су маржанын заңсыз жолмен сүзгендерді тінту барысында 60 келі сазан және электр құралдары табылды. Браконьерлерді «Охотзоопром» мекемесі Қызылорда өңірлік филиалының инспекторлары мен Шардара орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі бөлімі мамандары бірлескен рейд кезінде ұстап, жергілікті полиция бөліміне тапсырған.

Хабар 24 телеарнасы