385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қылмыстық топ такси жүргізушісін қорқытып, көлігін тартып алған

  • 148
Қылмыстық топ такси жүргізушісін қорқытып, көлігін тартып алған

Түркістан облысында такси жүргізушісін ұрып, көлігін тартып алған қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белгісіз екі жігіт Шымкент қаласынан Қазығұрт ауданына бару үшін түнде көлік жалдайды. Орта жолда таксисті ұрып-соғып, 60 мың теңге тауып беруін талап етеді. Ондай ақшаның жоқтығын естіген олар көлік иесін өлтіреміз деп қорқытқан. Жүргізуші қорыққанынан көліктен секіріп кетеді. Алған жарақатына қарамастан, дереу көлік тоқтатып, сондағы полиция бөліміне келіп арызданған. Күдікті азаматтың бірі Алматы қаласына қашып бара жатқан жерінен Қордай ауылынан ұсталады. Ал екіншісі Шымкент қаласында жалдамалы пәтердің бірінде қолға түскен.

Салтанат Қаракөзова, Түркістан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Сарыағаш ауданының тұрғындары қамауға алынды. Оларға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 194-бабы бопсалау бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде жәбірленушінің автокөлігі алынды. Заңды иесіне қайтарылды. Болған оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Хабар 24 телеарнасы