426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжіліс депутаттары ана мен балаға қатысты заң жобасына өз ұсыныстарын білдірді

  • 799
  • UPD: 19:14, 19.02.2020
Мәжіліс депутаттары ана мен балаға қатысты заң жобасына өз ұсыныстарын білдірді

Көп балалы отбасыларға соның ішінде сегіз және одан көп бала тәрбиелеп отырған жанұяларға берілетін жәрдемақы өсуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төменгі палатаның әлеуметтік даму комитеті бастаған Мәжіліс депутаттары ана мен балаға қатысты заң жобасына қатысты өз ұсыныстарын білдірді. Заңнама қабылданса, жаңа жәрдемақы көлемі бұрынғыдай жеті баламен шектелмейді. Табысына қарамастан, қосымша қолдау ретінде берілетін бұл қаражат бала санына қарай өсіп отырмақ. Қазіргі кезде республика бойынша сегіз және одан да көп баласы бар 2500-ге тарта отбасы бар. Ал Солтүстік Қазақстан облысында тұратын бір жанұя 15 баланы тәрбиелеп отыр.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Әділетті болу үшін бір топ депутаттар заңға ұсыныс енгізді. Ол заң бойынша сегізінші баладан бастап әр балаға төрт айлық есептік көрсеткіш көлемінде жәрдемақы тағайындалады. Бұл дегеніңіз, 10 600 теңге. Әр балаға көбейіп отырады. Біз бұл норманы осы жылдың бірінші қаңтарынан енгіземіз деп ұсындық.

 

 

Хабар 24 телеарнасы