431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Танымал дизайнер Берік Исмаилов бақилық болды

  • 536
  • UPD: 11:25, 07.07.2020
Танымал дизайнер Берік Исмаилов бақилық болды Тoppress.kz

Қазақстандық дизайнер Берік Исмаилов көз жұмды.

Бұл туралы әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«Алтын ағам-ай! Бұл фәни жалғанда сіздің енді жоқ екеніңізге қалай сенейін... Бұдан былай сіздің күлкіңізді естімейтініме... Сізді Италиядан не әкеледі екен деп күтпейтініме... Сізге еркелемейтініме... Сізбен енді сырласпайтыныма... сенейін бе? Иманды болыңыз! Сіздің еңбегіңізді бағаламасам, ренжітсем... Жақсы дос бола алмасам, кешіріңізші мені, Беке», – деп жазды Түсіпбаева.

Төтенше жағдай режимі кезінде белгілі дизайнер маскалар тігіп, оларды тегін таратып жатқанын хабарлағанбыз.

Хабар 24 телеарнасы