429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рудныйдағы екі адамның өлімі: күдікті ұсталды

  • 187
  • UPD: 15:13, 20.08.2020
Рудныйдағы екі адамның өлімі: күдікті ұсталды

Рудный қаласында екі адамның өлімін тексеру үшін арнайы тергеу тобы жұмыс істеді.

Бұрын кісі өлтіру және ұрлық қылмыстары бойынша сотталған 41 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлады alau.kz.

Еске салсақ, 18 тамыз күні сағат 11:48-де Рудный қаласының учаскелік полиция инспекторы «102» пультінде келіп түскен хабарламаны тексеру кезінде жеке үйден 53 жастағы ер адам мен 43 жастағы әйел адамның мүрдесін тапты. Оқиға орнына сараптама жүргізу нәтижесінде өлімнің зорлық-зомбылықпен жасалғандығы анықталды.

99-баптың 2-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

«Жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде бұрын сотталған 41-жастағы күдікті ұсталды. Ол өз ісін мойындады. Қылмыс алкогольдік ішімдік ішу және жанжал кезінде болған», - деді ПД басшысының орынбасары.

Хабар 24 телеарнасы