430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордалық құтқарушылардың технопаркі екі өрт сөндіру көлігімен толықты

  • 170
  • UPD: 12:27, 21.10.2020
Қызылордалық құтқарушылардың технопаркі екі өрт сөндіру көлігімен толықты

Қызылорда облысында соңғы үш жылда мыңнан астам өрт оқиғасы болған. Одан бөлек, 2 мыңға жуық түрлі апаттық жағдай тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

От пен суға тайсалмай кіретін Сыр құтқарушылары 200-ге жуық адамның өмірін аман алып қала алды. Еңбегіне адал, батыл да ержүрек қызметкерлердің бірсыпырасы төл мерекесінде «Алғыс хаттармен» марапатталып, құрмет төрінен көрінді. Сонымен қатар азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығы қарсаңында қызылордалық құтқарушылардың технопаркі екі өрт сөндіру көлігімен толықты. Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты құрылымдарда жалпы жүзден астам арнайы техника бар. Қатарға қосылған көпфункциялы жаңа көліктер өрт сөндірушілердің жұмысы нәтижелі болуына септігін тигізбек. Құтқарушылардың қайсарлығы ерекше әспеттелген шарада жеке құрам жауынгерлері кәсіби шеберліктерін көрсетіп, тілсіз жаумен арпалысу амалдарын көрсетті.

Жасұлан Қалмаханов, №1 өрт сөндіру бөлімінің бастығы:

– Заманауи кезең болған соң әрдайым жаңа техникалар, құрал-жабдықтарды қажет етеді. Бөлімде барлығы 12 техника бар. Оның 5-і негізгі, 3-і арнайы және 4-і көмекші. Жыл басынан бері бөлімде 79 дабыл бойынша шығыстар тіркелді. Оның 20-сы өрт, қалғандары – өртке жатпайтын оқиғалар.

Хабар 24 телеарнасы