421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарлық тұрғын өзінің перзентханада ауысып кеткенін 35 жылдан кейін білген

  • 116
  • UPD: 11:37, 21.12.2020
Павлодарлық тұрғын өзінің перзентханада ауысып кеткенін 35 жылдан кейін білген

Оның туған ата-анасы да өгей ұлды тәрбелеп қатарға қосыпты.

Ғажайып оқиға Железин ауданында болды. Айдың күннің аманында екі тағдыр екі отбасының өмірін өзгерткен оқиғаға кім кінәлі?

Дәл осы ғимарат 1985 жылы перзентхана болған екен. Ержан, Нариман атты қос ұл дүние есігін ашады. Ол кезде баланы туа сала басқа бөлмеге алып кететін. Бәлкім содан болар, Күлтай Хамитова ұлының бет-әлпетін есіне сақтап үлгермепті. Емізуге әкелген кезде де бөтен бала екеніне еш күмән келтірмеген. Қайран ана оны туған баласындай мәпелеп өсіреді.

Күлтай Хамитова, Железин ауылының тұрғыны:

– Ол перзентханада бірге жатқанымызды білетінін айтты. Менен жасы үлкендеу. Оның да бірінші баласы. Біз Нариманды үнемі менің үлкен ағама ұқсататынбыз. Жүріс-тұрысы, дене бітімі қатты ұқсайтын. Бұл оқиға бәрімізге ауыр соққы болды. ДНК зерттеу жасатудың да керегі жоқ. Күйеуі мен кіші ұлынан аумайды.

Ұл балалардың биологиялық әке-шешелеріне ұқсастығы 15 жыл бұрын жұрт назарын аудартыпты. Ол екі кезде екі ана бір ұжымда еңбек еткен екен. Бірге ойнап жүрген балаларды көрген әріптестері Нариманның туған әкесі Ержанға ұқсайтынын, ал Ержан Нариманның әкесінен аумай қалғанын аңғарған. Бірақ ол кездегі күдік әзілден ары аспаған. Ақиқаттың шымылдығы тек осы жылдың жылдың көктемінде ашылады. Бұл мәселемен Нариман өзі айналысады.

Нариман Хамитов, Железин ауданының тұрғыны:

– Біз суреттерімізді салыстырып қарадық. Оның жас кезі менің қазіргі түріме сәйкес келеді. Жасы да осы менің жасым шамалас. Сондықтан ДНК тест жасаттық. Нәтижесі бойынша мені туған әкем емес, басқа адамның тәрбиелеп өсіргені анықталды.

Нариманның туған әкесіне сырт келбеті ғана емес, мінезі, тіпті қабілеттері де айнымай тартыпты. Оны өз ұлындай өсірген Өмірбай Хамитов та өзінің биологиялық ұлын көргенде қатты таңғалғанын айтады.

Өмірбай Хамитов, Железин ауылының тұрғыны:

– Кіші ұлым екеуі қатты ұқсайды. Бойы мен дене бітімі маған тартыпты. Біздің отбасымыз темірмен жұмыс істегенді ұнатады. Ол да техникалық көлік жөндеу орталығында жұмыс істейді. Мен сияқты сурет салады.

Бар шындықты білгеннен кейін екі отбасы әділдікке бірге жетуге бел буыпты. Алдымен полицияға шағым түсіреді. Алайда уақыттың өтіп кетуіне орай іс қозғалмайды. Сотқа жүгінеді. Одан да қайыр жоқ. Көпе-көрнеу дәрігерлердің қателігінен зардап шеккен олар енді сотқа аппеляциялық шағым жасап, кінәлілерді табуды көздеп отыр. Жауаптылар табылса материалдық шығынды өндіріп алмақ.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Марат Игіліков

Хабар 24 телеарнасы