383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тәуекелді қаржыландыруды жетілдіруге арналған заң жобасы Израиль тәжірибесіне негізделген

  • 322
  • UPD: 14:06, 02.04.2018

Елімізде венчурлық қаржыландыру тетігін жетілдіру арқылы отандық өнертапқыштардың зияткерлік меншік құқығын қорғауға басымдық беріледі.

Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Тимур Тоқтабаев тоқтамы осы. Енді Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуекелді қаржыландыру мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Атап айтсақ, құжат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауындағы міндеттерді негізге алды. 9 заңнамалық актіні қамтитын заң жобасы осы айда Мәжіліс қарауына ұсынылады. Құжат мақұлданса, жаз айында іс жүзінде орындалмақ. Айта кетейік, жоба заңгерлерінің ұсынған жаңашылдығы Израиль елінің тәжірибесіне негізделген.

Құралбай Бұхарбаев, ҚР Инвестициялар және даму Министрлігі департамент директорының орынбасары:

– Қазақстандық инноваторларға, Қазақстанға келетұғын инвесторларға осы заңның қабылдануы арқасында үлкен бір заң тұрғысынан көмек болмақшы. Себебі әр заң жұмыс істеген жерде тәртіп болады. Тәртіп болған жерде әрқашанда алға жылжу болады. Сондықтан да бүгінгі қабылданатын заң жобасына өзгерістер, қосымшалар Қазақстанда алғашқы рет тәуекелдік қаржыландыру нарығының пайда болуына үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы