389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттік сайлау жоғары деңгейде өтетініне сенемін – Бундестаг өкілі

  • 610
  • UPD: 12:45, 14.04.2019
Президенттік сайлау жоғары деңгейде өтетініне сенемін – Бундестаг өкілі

Елімізде болып жатқан саяси оқиғаларды Германия парламенті де жіті қағадалауында ұстап отыр. 

Бундестаг Халықаралық істері комитетінің өкілі Андреас Ян біздің арнаға берген сұхбатында Қазақстанда өтетін кезектен тыс Президент сайлауын қолдайтынын айтты. Ол  жаңадн сайланатын мемлекет басшысы  бітімгершілік миссиясын жалғастырады деген сенімде.

Андреас Ян, Бундестаг халықаралық істері комитетінің парламенттік хатшысы:

- Кезектен тыс сайлау өткізу демократиялық принциптің көрсеткіші. Мен бұдан бұрын сіздердің елге бақылаушы ретінде барған едім. Осы жолғы сайлау да жоғары деңгейде өтеді деп сенемін. Қазақстан бүгінде әлемдік аренада маңызды рольге ие. Мәселен, Астана процесі Сириядағы жағдайды реттеуге үлкен үлес қосты. Жаңадан сайланатын президент те жаһандық бейбіт бастамаларды одан әрі  жалғастырады  деп үміттенеміз.

Хабар 24 телеарнасы