378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кан Гён Хва: Қазақстан мен Корея заңсыз мигранттарды отанына қайтару үшін шара қолдануы керек

  • 79
  • UPD: 15:26, 04.05.2019

Президент Мун Чже Инның Түрікменстан, Өзбекстан және Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарлары қорытындыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске салайық, бұл саяхат 16 сәуірден бастап 23 сәуірге дейін жалғасты. Сыртқы істер министрі Кан Гён Хва баспасөз конференциясында Орталық Азияға сапар, Корей түбегіндегі бейбітшілік үдерісін кеңінен қолдауға мүмкіндік берді деп айтты. Бұдан басқа сыртқы саясат ведомствосының мәліметінше, энергетика, өнеркәсіп және басқа салаларда жаңа бірлескен жобалар пайда болды. Канг Ген Хва Нұр-Сұлтанға сапар Қазақстан-Корея қарым-қатынастарын жоғары деңгейге көтерді деп ерекше атап өтті. «Хабар 24» арнасы тілшісінің Кореяда заңсыз жұмыс істейтін қазақстандықтардың мәселесі төңірегіндегі сұрағына жауап берген Кан Гён Хва Нұр-Сұлтан мен Сеул бұл мәселені бірлесіп шешуі тиіс деп айтты.

Кан Гён Хва, Корея Республикасының сыртқы істер министрі:

- Қазақстанда этникалық кәрістер коп. Олардың көбісі тарихи отанына жұмыс істеуге және туыстарын көруге келді. Визасыз режим орнатылғаннан кейін заңсыз мигранттар көбейіп кетті, ол рас. Меніңше, бұл үдерісті қатаң бақылау қажет. Қазақстан үкіметі оларды отанына қайтару үшін шара қолдануы керек, біздің үкіметіміз де шара қолдануы тиіс. Екі ел бірлесіп мигранттар проблемасын шешуі қажет.

Хабар 24 телеарнасы