384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Билік өкілдері өз таңдауларын жасады

  • 85
  • UPD: 21:55, 09.06.2019

Бүгінгі саяси науқанда Президент әкімшілігінің жетекшісі және Үкімет мүшелері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің төрағасы да өз таңдауларын жасады.

Билік өкілдері өздері тіркелген учаскеде дауыс берді.

Сайлау учаскелері ресми ашылған бойда сайлаушылар лек-легімен келіп дауыс берді. Нұр-Сұлтан қаласы «Астана опера» залындағы 115 сайлау учаскесінде жұртпен бірге Президент әкімшілігінің басшысы Бақытжан Сағынтаев та өз таңдауын жасады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин 111-сайлау учаскесінде дауыс берді. Ұлттық кітапхана ғимаратындағы учаскеде сайлаушылардың ширегі түске дейін келіп үлгерді. Академиялық кітапханада халыққа қызмет көрсету орталығы да жұмыс істеді. Қалаға уақытша тіркелген сайлаушылар осы жерге келіп, мекенжай анықтамасы алған соң таңдауларын жасады. Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева елордадағы нөмірі 58 сайлау учаскесінде дауыс берді. Бірнеше мың адам тіркелген бұл аумақтық сайлау бөлімшесінде  ең алғашқы сайлаушының бірі болды. Жоғары палата спикері осы бөлімшеде Сербиядан келген халықаралық байқаушы Драгомир Каричпен пікір алмасты.

Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ұлттық кітапханадағы №111 сайлау бөлімшесінде дауыс берді. Бұл жерде 4мың 661 сайлаушы тіркелген. Ұйымдастыру жағы да жоғары деңгейде болды. Парламент Мәжілісінің төрағасы сайлаушылардың дауыс беруде ерекше белсенділік танытқанын елдің ауызбірлігі мен беркенің арқасы екенін атап өтті.

Премьер-министр Асқар Мамин «Астана» концерт залындағы №138 сайлау учаскесінде дауыс берді. Бұл сайлау бөлімшесінде де халықтың қарасы көп болды. Үкімет басшысы өз таңдауын жасаған соң, сайлауға келген халықпен тілдесті. Еліміздегі саяси науқанды бақылауға келген халықаралық байқаушылармен де кездесіп, аз-кем пікір алмасты. Ал қорғанысы мықты елдің іргесі тыныш. Бүкіл ел аумағындағы әскери бөлімшерлерде сайлау учасесі жасақталды. Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар мен сардарлар да өз азаматтық таңдауларын жасады. Олармен бірге еліміздің Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев та дауыс берді. Ал Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов «Астана» концерт залындағы № 138 учаскеде таңдау жасады. Бұл жерде екі сайлау учаскесі құрылған. Барлығы 6 мың сайлаушы тіркелген. Дауыс беруге келген шаһар басшысы қарапайым сайлаушылармен және байқаушылармен де пікір алмасып үлгерді. Жалпы елордада 239 учаскесі құрылған. Бас қалада 600 мың сайлаушы тіркелген.

Оңтүстік астанадағы сайлаушылар да ерекше белсенді болды. Алматы қаласы бойынша саяси науқанды өткізуге 554 сайлау учаскесі құрылды. Шаһар басшысы Бостандық ауданындағы 235-сайлау учаскесінде дауыс берді. Сайлау учаскелері ашылған бойда халық біртіндеп өз таңдауларын жасады. Алып шаһарда саяси науқанның қалай өтетінін бақылау үшін алыс-жақын шет елден 80 аса байқаушы келіпті. 

Авторы: Олжас Керейхан

Хабар 24 телеарнасы