386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан президенті Ханчжоу қаласына барды

  • 129
Қазақстан президенті Ханчжоу қаласына барды

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған екі күндік мемлекеттік сапарының аясында Ханчжоу қаласына ұшып келді. Мұнда инновациялық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару бойынша көшбасшы Hikvision компаниясының жұмысымен танысады. Сонымен қатар бағдарлама бойынша Alibaba компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездесуі, Қытайдың ұлттық шай мұражайы мен Лэйфен Пагодасын аралауы жоспарланған», – делінген мәлімдемеде.

Хабар 24 телеарнасы