377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы: Біздің әрбір қадамымыз бен шешіміміз азаматтарға түсінікті болуы қажет

  • 123
  • UPD: 11:57, 15.01.2020
Мемлекет басшысы: Біздің әрбір қадамымыз бен шешіміміз азаматтарға түсінікті болуы қажет

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Президенттің кадр резервіне енген 300 жаспен өтіп жатқан кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Ақорданың twitter-дегі парақшасында.

«Біздің әрбір қадамымыз бен әрбір шешіміміз азаматтарға түсінікті болуы қажет. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның нормалары сапалы орындалуы керек. Шешім қабылдау кезінде барлық талаптар сақталуы тиіс. Шын мәніндегі әділдік қағидасын осылай іске асыруға болады», – деді Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысы сонымен қатар: «Сыбайлас жемқорлыққа барынша қарсы тұру – негізгі мақсаттың бірі. Қоғам өкілдері биліктің іс-әрекетімен келіспеген жағдайда пікірін еркін айтуға мүмкіндігі болуы қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Хабар 24 телеарнасы