378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте студенттер стенд ату спортынан жарысып жатыр

  • 305
  • UPD: 21:12, 21.05.2018
Шымкентте студенттер стенд ату спортынан жарысып жатыр

Шымкентте стенд атудан студенттердің жазғы спартакиадасы өтіп жатыр.

Еліміздегі мектеп және колледж тәлімгерлерінің 9-жарысында Оңтүстік Қазақстан облысының гран-приі де сарапқа салынады. Қос бірдей сайыста құралайды көзге ататын нағыз мергендер топ жарады. Қазақстанның 8 өңірінен жиналған 80-ге тарта спортшы арасында ұлттық құрама мүшелері де бар. Мергендер бәсекесінде жеңіске жеткендер алдағы ел біріншілігіне жолдама алады. Әрі ұлттық құрама сапында өнер көрсететін болады. Спартакиада сайысында спортшылардың рейтингілік дәрежелері де анықталады.

Оксана Середа, жарыстың бас төрешісі:

- Бүгінгі таңда сайысқа қатысып жатқан спортшылар, үздік нәтижелер көрсетуде деп айта аламын. Олардың ішінде спорт шеберіне үміткерлер бар. Сайыстың деңгейі де жоғары. Көптеген балалар келді. Мәселен, жарысқа қатысушылардың ең кішісі 12 жаста.

Хабар 24 телеарнасы