374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогына қатысады

  • 184
  • UPD: 16:43, 15.08.2018
Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогына қатысады fdk.kz fdk.kz

Қазақстан Дзюдо федерациясы хабарлағандай, Минскідегі додаға ұлттық құрама сапында 27 дзюдошы қатысады.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

18-19 тамыз күндері Беларусь елінің астанасы Минскіде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогы өтеді.

Қазақстан дзюдо федерациясы хабарлағандай, Минскідегі додаға ұлттық құрама сапында 27 дзюдошы қатысады. Олардың қатарында Азия ойындарына қатысатын Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг те бар.

Ерлер:

Қанат Сейілхан (60 кг)

Ержан Еренқайыпов (60 кг)

Рамазан Мамаев (60 кг)

Қайрат Ағыбаев (66 кг)

Есет Қуанов (66 кг)

Мадияр Сембаев (73 кг)

Ақылбек Серік (73 кг)

Руслан Мұсаев (81 кг)

Бейбіт Мадиев (81 кг)

Дәулетхан Жақыпов (90 кг)

Алмас Акрашев (90 кг)

Азиз Қалқаманұлы (90 кг)

Арман Ирғалиев (90 кг)

Әділхан Қозыбаев (-100 кг)

Айбек Серікбаев (-100 кг)

Жасұлан Мұхаметханов (-100 кг)

Темірлан Көлбай (+100 кг)

Талғат Әмренов (+100 кг)

Әйелдер:

Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг)

Әйгерім Төреғожина (48 кг)

Абиба Әбужақынова (48 кг)

Анна Казюлина (57 кг)

Екатерина Токарева (-70 кг)

Ажар Салықова (-70 кг)

Арайлым Шегенова (-78 кг)

Камила Берліқаш (+78 кг)

Саида Қапсалықова (+78 кг)

Айта кеткен жөн, дзюдодан Қазақстан құрамасы 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Джакартада өтетін Азия ойындарына қатысады. Дзюдо бойынша сайыстар 29 тамыз бен 1 қыркүйек күндеріне белгіленген. Қазақстандық дзюдошылар жылдың басты додасына қатысуға 25 тамыз күні аттанады.

Осы категория бойынша: « Ақтөбе облысында 140 ойын алаңы салынады «Астана» енді Еуропа лигасының жолдамасына таласады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы