369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

GGG кәсіпқой рингтегі бүкіл белбеуін Сауль Альвареске ұстатты

  • 253
  • UPD: 10:38, 16.09.2018
GGG кәсіпқой рингтегі бүкіл белбеуін Сауль Альвареске ұстатты vesti.kz

Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин кәсіпқой рингтегі бүкіл белбеуін мексикандық Сауль Альвареске ұстатты.

Канело істің адамы екен. Салған жерден сол қолын іске жаратып, қарсыласының апшысын қуырды. WBA Super, WBC и IBO алтын белдігі  енді оған тиесілі. Үш төрешінің екеуі Сауль Алвереске дауыс берді. Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Боксшылардың әрқайсысы кемі бес миллион АҚШ долларынан алады. Сатылған билет пен жарнамадан да үлес алады. Ақылы трансляциядан да ақша түседі. Бәсекені ұйымдастырған  Golden Boy Promotion жекпе-жекті дәл осы датаға белгіледі. Себебі бүгін – Мексиканың тәуелсіздік күні.

Осы категория бойынша: « GGG – Canelo. Жеңіске жеткені тарихта қалады – мамандар Гена, сен біздің чемпионымызсың – А.Мұхамедиұлы »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы