366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық боксшы АҚШ-та сегізінші рет жеңіске жетті

  • 144
  • UPD: 14:13, 29.09.2018
Қазақстандық боксшы АҚШ-та сегізінші рет жеңіске жетті © Univision Deportes

24 жастағы Тұрсынғалиев жеңілменген боксшы атаған сақтап қалды –8 рет жеңіске жеткен ол алты кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады.

Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев колумбиялық Дейви Хулио Бассаның жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олардың жекпе-жегі АҚШ-тың Флорида қаласындағы Hard Rock Hotel & Casino кешенінде өткен бокс кеші аясында болды. Кездесу алты раундтан тұрды, соның нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша жеңіске жетті.

Тұрсынғалиевке жекпе-жектің он раундтан тұратыны туралы хабарланған еді. Боксшылар WBA International белбеуіне таласуы тиіс еді. Алайда боксшылар алты раунд қана жұдырықтасып, белбеуге таласу мүмкіндігі берілмеді, деп жазды BoxingScene басылымы.

24 жастағы Тұрсынғалиев жеңілмеген боксшы атаған сақтап қалды – сегіз рет жеңіске жеткен ол 6 кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады. Ал 37 жастағы оның қарсыласы 20 рет жеңіске жеткен (12 нокаут) және спорттық мансабында алтыншы рет жеңіліске ұшырады.

Тұрсынғалиев кәсіпқой бокста 2017 жылы қарашадан бері өнер көрсетіп келеді. Ол 29 күнде Мексикада сегіз кездесу өткізіп, жергілікті тұрғындарды таңғалдырған еді. Алайда BoxRec ұйымы базаға оның тек 19 күнде өткізген алты жекпе-жегін есепке алды. 2018 жылы қазақстандық боксшы шаршы алаңға екі рет шықты – екеуі де АҚШ-та өтті.

Тұрсынғалиев бірінші титулын наурызда жеңіп алды. Қазақстандық боксшы доминикалық Луис Хионжосамен (31-15, 16 КО) жұдырықтасып, WBA-NABA тұжырымы бойынша Солтүстік Америка чемпионы атанды.

Хабар 24 телеарнасы