Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық үш боксшы қарсыластарын ойсырата жеңді

  • 316
  • UPD: 09:42, 01.10.2018
Қазақстандық үш боксшы қарсыластарын ойсырата жеңді sputniknews.kz

Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жанабаев кәсіптік рингте төртінші жеңісіне жетті.

Жеңілмеген спортшы Мәскеуде өткен бокс кешінде өзінің мүмкіндігін көрсетті. Ол Әзірбайжан боксшысы Эмин Биннаталиевпен жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек алты раундқа созылуы тиіс еді. Біріншісінде Жанабаев қарсыласын нокдаунға жіберді, екінші ранудта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бокс кешінде Асхат Жантұрсынов пен Ержан Залилов та қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді. Лақап аты «Ракета» Ержан Залилов кәсіптік рингтегі 11-ші жеңісін тойлады: оның қарсыласы ресейлік Александр Салтыков төртінші раундтан кейін әрі қарай жұдырықтасудан бас тартты.

Асхат Жантұрсынов кәсіптік рингтегі екінші жекпе-жегін өткізіп, латвиялық Эдгарс Калнарстан басым түсті.

Хабар 24 телеарнасы