383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мехмет Қасапоғлы: Спорт жастардың өмірінде ерекше орын алуы тиіс

  • 554
  • UPD: 16:16, 05.12.2018

Қазақстан тарапы Түркі кеңесі жас көшбасшыларының екінші форумын өткізуге дайын.

Алқалы жиын келесі жылы жазда Түркістанда өтуі мүмкін. Бұл туралы Түркі кеңесі мемлекетттері жастар және спорт министрлерінің үшінші отырысында Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев хабарлады. Айта кетейік, түркітілдес мемлекеттерді біріктіретін халықаралық ұйымның құрамына Қазақстан, қырғыз елі, Әзербайжан мен Түркия мемлекеттері кіреді. Кеңес осы елдер арасында ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Отырыс барысында кезекті жас көшбасшылардың форумын, төртінші халықаралық жастар лагерін және Түркі кеңесінің үшінші халықаралық жастар фестивалін өткізу мәселелері талқыланды.

Дархан Кәлетаев, ҚР Қоғамдық даму министрі:

- Түркітілдес елдердің Жастар және спорт министрлерінің кездесуі бізге бұл жауапты. Өздеріңіз білесіздер, келесі жылды Елбасы Жастар жылы деп жариялады. Жастар жылының басында бағаттардың бәрін айқындап алып, түркітілдес әріптестермен бірге қандай бірлесіп келісімге келеді деген ойдамыз. 

Мехмет Қасапоғлы, ТР Жастар және спорт министрі:

- Спорт жастардың өмірінде ерекше орын алуы тиіс. Сондықтан осы бағытта жастар лагерьлерінің жұмысын жандандыру қажет. Келесі жылы біздің еліміз дүниежүзілік көшпенділер ойынын, ал 2021 жылы Ислам ойындарынан жарыс өткізуді жоспарлап отыр. Біздің Қазақстанмен қарым-қатынасымыз өте жоғары деңгейде. Алдағы жастар жылы аясында болатын іс-шараларда Түркі кеңесі де белсенділік танытады деген сенімдемін.

Хабар 24 телеарнасы