379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкиннің төрт жекпе-жегі – табысты кездесулер тізімінде

  • 181
Головкиннің төрт жекпе-жегі – табысты кездесулер тізімінде Prosports.kz

Америкалық World Boxing News порталы «Pay-Per-View» бойынша ең көп сатылған 15 жекпе-жектің тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл рейтингке қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің төрт жекпе-жегі енген.

Ал бұл көрсеткіш бойынша мексикалық Сауль Альварес бірінші орында тұр. Үздік бес кездесудің бәріне «Канело» қатысқан.

2015 жылдың мамырынан бері үздік «Pay-Per-View» жекпе-жектер:

Альварес — Головкин I (HBO — 16 қыркүйек 2017 ж.) 1,3 миллион билет

Альварес — Головкин II (HBO — 15 қыркүйек 2018 ж.) 1,1 миллион

Альварес — кіші Сезар Чавес (HBO — 6 мамыр 2017 ж.) 1 миллион

Альварес — Котто (HBO — 21 қараша 2015 ж.) 900 мың

Альварес — Амир Хан (HBO — 7 мамыр 2016 ж.) 600 мың

Головкин — Джейкобс (HBO — 18 наурыз 2017 ж.) 170 мың

Головкин — Лемье (HBO — 17 қазан 2015 ж.) 150 мың.

Хабар 24 телеарнасы