383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Челси» «Арсеналды» ойсырата жеңіп, Еуропа лигасының жеңімпазы атанды

  • 241
  • UPD: 09:43, 30.05.2019
«Челси» «Арсеналды» ойсырата жеңіп, Еуропа лигасының жеңімпазы атанды Reuters©

Еуропа лигасының финалында «Челси» футболшылары «Арсеналды» ойсырата жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Лондондық клубтардың кездесуі Бакудегі «Олимпийский» алаңында өтті. Ойын нәтижесі 4:1. Барлық гол ойынның екінші кезеңінде салынған. 49-шы минутта есепті Оливье Жиру ашса, 60-шы минутта Педро есепті еселеді. Кейін Эден Азар пенальтиді сәтті жүзеге асырды. 69-шы минутта «Арсенал» ойыншысы Алекс Ивоби есеп айырмасын бір голға қысқартты. Бірақ 72-ші минутта Азар ойындағы екінші голын соқты.

Хабар 24 телеарнасы