418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлем чемпионы Пакьяо ең қиын қарсыластарын атады

  • 559
  • UPD: 16:35, 06.04.2020
Әлем чемпионы Пакьяо ең қиын қарсыластарын атады

WBA тұжырымдасы бойынша әлем чемпионы Мэнни Пакьяо The Manila Bulletin басылымына берген сұхбатында ең қиын қарсыластарының есімдерін атады, деп хабаралады Prosports.kz сайты.

Аталған спортшылардың ішінде үш мексикалық боксшы болды. Ең қиын қарсылас ретінде Антонио Маргаритоны атаған. 

«Ол мен үшін өте үлкен, өте күшті болды. Бастапқыда ондай мықты деп ойламадым. Жекпе-жек кезінде таңғалдырды», - деді Пакьяо. 

Ол жекпе-жек 2010 жылы өтіп, Мэнни Пакьяо төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.

Одан бөлек Пакьяо қиын қарсыластары ретінде Хуан Манэуль Маркес, Эрик Моралес және Мигель Коттоны атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы