412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АПЛ ойындары қашан жалғасатыны мәлім болды

  • 175
  • UPD: 10:33, 29.05.2020

Футбол жанкүйерлері үшін жағымды жаңалық. Ағылшын премьер-лигасы ойындарының нақты қашан жалғасатыны мәлім болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Клубтар кеше ғана матчтар  бойынша ортақ мәмілеге келді.

Ғалымжан Қараманұлы, тілші:

– Алдағы дүйсенбіден бастап Англия тұрғындары алты адамға дейін бірге жүруіне болады, онда да тек далада немесе таза ауада. Және бәрі бір отбасыдан болуы шарт  емес. Әрине, екі метрлік әлеуметтік қашықтық туралы ұмытпағандары жөн. Сондай-ақ 8 маусымнан бастап, тіс дәрігерлері қауіпсіздік шараларын қамтамасыз еткен жағдайда өз жұмыстарына қайта кірісе алады. Бұрын хабарланғандай, дүйсенбіден бастап бастауыш мектептер, көше базарлары және автосалондар тұтынушыларға есіктерін қайта ашады.

Борис Джонсон, Ұлыбритания премьер-министрі:

– Енді біз адамдарға бау-бақшаларда және басқа да ашық алаңдарда кездесуге рұқсат етеміз. Осы рұқсат аясында, отбасылар, достар жақын таныстарымен жолығып, көптен көрмеген ата-аналары және ата-әжесіне  сәлем бере алады. Халық шынымен де қуанып қалатынына кәміл сенемін.

Ағылшын премьер-лигасында ойнайтын командалар чемпионатқа 17 маусымда жалғастырады. Клубтар жаттығуларды бастау керектігін бір ауыздан қолдады. АПЛ шешіміне сәйкес алғашқы матчтар «Астон Вилла» мен «Шеффилд», «Манчестер-Сити» мен «Арсенал» командалары арасында өтеді. Бұған дейін белгілі болғандай, ойындардың ешқайсына көрермен қатыспайды. Бірақ тікелей эфирде көрсетіледі. Жоспарланған матчтардың барлығын өткізіп үлгеру үшін командалар алаңға демалыс күндері ғана емес, апта ортасында да шығуға мәжбүр болмақ.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы