423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана» велошабандозы Вуэльтада екінші болды

  • 161
  • UPD: 10:10, 28.10.2020
«Астана» велошабандозы Вуэльтада екінші болды

Уефа Чемпиондар Лигасының топтық кезеңі жалғасуда. Екінші турда «Манчестер Сити» сырт алаңда «Марсельге» қарсы матч өткізді.

Адуынды «қалалықтар» ә дегеннен ойында тартысы бастады. Қарсыласының қақпасына 3 мәрте доп кіргізіп, есе қайтаруға еш мүмкіндік бермеді. Ойында испандық вингер Ферран Торрес, неміс ұлтының өкілі, хавбек Илкай Гюндоган және ағылшындық жартылай қорғаушы Рахим Стерлинг ерекше көзге түсті. Хосеп Гвардиолланың шәкірттері 6 ұпаймен жарыста топ бастап келеді. Ал әзірге «Марсельдің» қоржыны бос. Команда турнир кестесінде соңғы орынға тұрақтады. 

Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде Мёнхенгладбахтың «Боруссиясы» өз алаңында мадридтік «Реалмен» кездесті. Зинедин Зиданның командасы  0:2 есебімен жеңіліп жатқан. Алайда Карим Бенземааа 87- минутта қарсыластың қақпасынан саңылау таба алды. Одан кейін қосымша уақытта «мадридтіктер» Каземироның арқасында таразы басын теңестіріп үлгерді. Ұпай саны бойынша жарыс кестесінде «Боруссия» екінші орында. Ал «Реал Мадрид» болса, көш соңында келеді. 

Испанияда жалауы желбіреген «Вуэльта» көпкүндігінің жетінші айналымында «Астана»  өкілі  Омар Фраиле мәреге екінші келді. Араға күн салып өткізілген жарыста спортшылар 160 шақырымды бағындырды. Велошабандоздар бірден қарқынын үдетіп, үздіктері алға суырылып шықты. Арасында «астаналықтардан» Фрайле мен Аранбуру төбе көрсетті. Қос спортшы  барын салып, мәреге бірінші келуге тырысқанымен, қарсыластар жолын кес-кестей берді. Нәтижесінде  канадалық Майкл Вудс топ бастады.  Ал жалпы есеп бойынша көшбасшының қызыл жейдесі эквадорлық Ричард Карапаста. Қазақстандық командадан Горка Исагире үздік нәтиже көрсетті. Турнир кестесінде ол 14 орынға тұрақтады.

Хабар 24 телеарнасы