420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зере Бектасқызы дзюдодан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы болды

  • 121
  • UPD: 18:01, 20.12.2020
Зере Бектасқызы дзюдодан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы болды

Ақтауда дзюдодан өтіп жатқан Қазақстан біріншілігінде әйелдер арасында 70 келіде топ жарған спортшылар анықталды, деп хабарлады Olympic.kz.

Аталған салмақта Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Зере Бектасқызы ел чемпионы атанды. Финалда ол Түркістан облысының өкілі Перизат Жақыпбековадан басым түсті. Қола жүлдені Алматы облысының өкілі Жанар Қашқын мен алматылық Даяна Талғат иеленді. 

Хабар 24 телеарнасы