378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Румынияда алапат құйын автобусты аударып тастады

  • 117
  • UPD: 09:00, 02.05.2019

Румынияда алапат құйын соғып, халықтың зәре-құтын қашырды.

Елдің оңтүстік-шығысында соққан дүлей құйын Дражна ауданындағы 10 үйдің шатырын ұшырып, 40 жолаушысы бар бір автобусты аударып тастады. Көп адам жарақат алды. Жапа шеккендердің кейбіреуі ауыр халде жатыр. Жалпы Румынияда мұндай алапат құйынның соғуы сирек құбылыс. Сондықтан адамдардың таңданысында шек жоқ. Ал ауа райын болжаушылардың айтуынша, Кэлэраши өңіріндегі торнадоға атмосфералық суық ауа ағысы себеп.

Телеканал Хабар 24