389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тянь-Шаньда жоғалған альпинистерді іздеу операциясы нәтиже бермеді

  • 307
  • UPD: 13:55, 21.08.2019

Тянь-Шань тауында жоғалған альпинистер әлі табылмады.

Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. Айтуынша, құтқару операциясын жүргізуге ауа райының қолайсыздығы кедергі келтіруде. Бұған қоса, альпинистердің нақты қай аумақта жоғалғанының анықталмауы да жағдайды қиындатқан. Дегенмен қазақстандық құтқарушылар іздеу жұмыстарын қайта бастады. Еске салсақ, 4 тамыз күні 3 қазақстандық альпинист Жеңіс шыңына көтерілген болатын. Теңіз деңгейінен 6 мың 600 метр биіктікте ауа райының қолайсыздығына байланысты альпинистер құрал-жабдықтарынан айырылған. Бірақ Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеев көмек керектігін айтып үлгерген. Сонымен қатар олар үшінші альпинист Александр Чечулиннің өкпесі ісінгеннен қайтыс болғанын хабарлаған.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР ішкі істер министрі:

– Қырғызстан территориясындағы іздеу жұмыстарын жүргізіп, тікұшақпен ұшу үшін шекарашылардан арнайы рұқсат алынды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты кеше біздің тікұшағымыз ұша алмады. Бүгін сағат 10:00-де құтқару операциясы қайта жалғасты. Әуе кемесі таулы аймақта ұшуға арнайы жасақталған. Дегенмен теңіз деңгейінен 6000 метр биіктікке бір де бір әуе кемесі көтерілмейді. Сондықтан тікұшақ бара алмайтын жерлерде құтқарушылар өздері іздейді.

Хабар 24 телеарнасы